• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі

Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші. Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары ұжымда қадірлі және құрметке ие болған мемлекеттік қызметшіге жүктеледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережесінің 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы    Денсаулық    сақтау   министрлігінің   Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Төрағасының 2017  жылғы 19 қыркүйектегі № 41-ж/қ бұйрығымен Тексерулерді есепке алу және мемлекеттік қызметтерді мониторингтеу басқармасының басшысы Айтмағанбет Жидебайұлы Жолшориновқа әдеп жөніндегі уәкілдің міндеттері жүктелді.

Жеке мәселелер бойынша қабылдау әрбір жұма сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін.

Телефоны: 74-18-10, кабинет 224.

Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ереже

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы