• Арнайы нұсқа
  • Standart version

You are here

Жаңалықтар

15.04.2019 г.

Иммундау – инфекциялардан қорғанудың ең жақсы тәсілі

Барлық ата-аналар өз балаларының қауіпсіз болғанын қалайды. Ал екпе жасалатын аурулардың өздері әлдеқайда қорқынышты.

 Қазір көбіне вакцинацияның асқынуы асыра айтылады, көптеген жас ата-аналар өз балаларын егуге апарудан қорқады, тіпті иммундаудан бас тартып жатады.

Алайда қазіргі уақытта қауіпті аурулардың алдын алудың ең тиімді құралы вакцинация болып табылады. Жалпыға белгілі бір факт: вакцина көмегімен алдын алудың арқасында адамзат шешекті және полиомиелитті жеңді, туберкулезбен және А және В вирустық гепатиттерімен сырқаттанушылық айтарлықтай азайды.

Иммундау көмегімен инфекциялық ауруларды және олардың себебінен болатын өлімді азайту үшін көп жұмыс жасалды.

Соңғы 20 жылда (1998 жылдан бастап):

- қызамықпен сырқаттану - төрт мың еседен артық (1998 жылғы 15 346-дан 2016 жылы 4 жағдайға дейін);

- эпидемиялық паротитпен сырқаттану - 106 еседен артық (1998 жылғы 5490-нан 2017 жылы 39-ға дейін);

 - «В» вирустық гепатитімен сырқаттану халық арасында - 38 есе (1998 жылғы 3943-тен 2017 жылы 104 жағдайға дейін), ал осы инфекцияға қарсы егілген балалар арасында 317 есе төмендеді (1998 жылғы 953-тен 2017 жылы 3 жағдайға дейін) (ВВГ-не қарсы вакцинация 1998 жылдан бастап енгізілді); 

 ⁃ көкжөтелмен сырқаттанудың төмен деңгейі, дифтерия, сіреспенің ішінара жағдайлары тұрақты ұсталып тұр.

Өкінішке орай, қол жеткізілген жетістіктердің салдарынан біз инфекцияның қаншалықты қауіпті екенін ұмыта бастадық. Барлығы жақсы сияқты алдамшы әсер пайда болды. Сәйкесінше мынадай сұрақ туындайды: бізге вакциналар керек пе және олар қауіпсіз бе?

Қазіргі уақытта республикада қызылша аурушаңдығы бойынша қолайсыз жағдай байқалады. Ағымдағы жылдың басынан бері 5202 расталған қызылша жағдайы тіркелді. Аурушаңдық көбінесе егілмеген балалар арасында тіркеледі, олардың үлесі 59,2% құрайды, оның ішінде егу жасына жетпеу себебінен егілмеген (1 жастан кіші) – 54,1%, медициналық бөлінулер – 31,6%, бас тарту - 14,2%

Әсіресе 1 жасқа дейінгі балалар арасында инфекцияның таралуына егілмеген адамдардың, оның ішінде 80-ші жылдардың соңында және 90-шы жылдардың басында вакцинаның болмауына байланысты вакцинацияны өткізіп алған болашақ аналардың болуы ықпал етті. Қызылша сырқаннаушылығының өсуінде вакцинациядан бас тарту рөлі теріске шығарылмайды, бас тартушылардың арасында 438 адам ауырды.

Стэнфорд университетінің докторы Натан Лоның 2017 жылы жариялаған ғылыми баяндамасына сәйкес вакцинацияланбаған балалар санының 5%-ға төмендеуі жыл сайынғы қызылша ауруының санын үш есе артуына себеп болады.

Мысалы, Қазақстан Республикасында ағымдағы жылдың басында қызылшадан бас тарту санының 6 мыңға жуық екенін ескере отырып, қызылшаның тіркелуі 18 мыңға дейін жету мүмкіндігін болжауға болады.

Бүгінгі таңда егілмеген адамдар арасында қызылшаның тіркелуі вакциналарды егу арқылы алдын алуға болатын аурулардан, соның ішінде қызылшадан қорғайтын жарқын мысал болып табылады.

Қазақстан Республикасында ғана емес, бүкіл әлемде қызылшамен сырқаттанудың өсуіне байланысты вакцинацияға қарсыластардың қозғалысы бәсеңдей түсті. Бұл тағы да осы кампаниялар жүргізетін вакцинаға қарсы саясаттың зияндылығын растайды.

Қазақстан үшін өз азаматтарының денсаулығы – ең үлкен құндылық. Көптеген ауруларды емдеуге қарағанда олардың алдын алған оңай. Сондықтан елімізде вакцинамен алдын алу жалпыға танымал болып келеді.

Балалар үшін Қазақстан ең бастысы сапасына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) кепілдік берген және ұсынып, сертификаттаған, олардың қауіпсіздігі мен тиімділігі ғылыми зерттеулер мен сынақтар арқылы дәлелденген вакциналарды сатып алады.

Вакцинамен басқарылатын инфекциялардың көбінің  тиімді емдеу әдістері жоқ және осы инфекциялардың алдын алудың жалғыз құралы вакцинациялау болып табылады.

Құрметті ата-аналар! Балалардың денсаулығын сақтау үшін иммундау қаншалықты маңызды екені түсінікті деп үміттенемін. Балаңыздың денсаулығы өз қолыңызда. Балаңыздың егулерді  уақтылы алуына және еліміздің салауатты азаматы болып өсуіне көмектесіңіздер.

 


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы