• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

12.04.2019 г.

Тексерулер жүргізу тәсілдерін өзгерту бойынша реттеушілік әсерге талдау жобасына қоғамдық талқылау өткізіледі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2019 жылы қолданыстағы реттеуші құралдарды қайта қарау шеңберінде әзірленген тексерулер жүргізу тәсілдерін өзгерту бойынша (тексеру субъектісін алдын ала хабардар етуді алып тастау, оның ішінде өнімді іріктеу және бақылау сатып алу кезінде) реттеушілік әсерге талдау жобасына (бұдан әрі – РӘТ жобасы) қоғамдық талқылау өткізілетінін хабарлайды.

2019 жылғы 03 мамырда сағат 11.00-де Министрліктер үйінің ғимаратында (10-кіреберіс, 425-кабинет) өтетін жоғарыда аталған РӘТ жобасын қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.

Қатысушылардың кандидатураларын ағымдағы жылғы 25 cәуірге дейін  m.egizbaev@mz.gov.kz. электрондық мекенжайына жіберуді сұраймыз.

 

 


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы